Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлының туған күніне ерекше сый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист тұңғышына марқұм әкесінің сағатын берді.
"Сакошым! Маған алғаш ана бақытын сыйлаған жарығым. Саған тілер тілегім аналық жүрегімде… Құдайдан сұрарым тек денсаулық. Қалғанына өзіңнің ақылың мен еңбегің екі жақтап жеткізер, бұйырса! Әкеңнен дарыған даналық сені биікке шығаратынына сенемін, менің ең жақын досым, ақылшым. Туған күніңмен! Көп сөз жазып, естеліктермен бөліскім-ақ келеді. Бірақ мына видеодағыдай тамағымда бір өксік тұр…" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары анасы мен ұлына жылы лебіздерін арнады.
"Әке атына кір келтірмейтін ұл бол", "Әкесіндей мықты азамат болсын!", "Неткен сымбатты ұлыңыз , ата әжесі ата анасы армандаған ұл болсын", - дейді олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз