- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Әкең сені жақсы...
“Әкең сені жақсы көреді“. Дидди айыптаулардан кейін алғашқы жазбасын жариялады
P.Diddy лақап атымен танылған рэпер Шон Комбс қамауға алынғаннан кейін алғаш рет Instagram-да жазба жариялады. Ол рэпердің 2 жасқа толған қызына арналған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рэпердің Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланған жаңа жазбада қызының туған күніне арналған тілек жазылған.
"Туған күнің құтты болсын!
Туған күнің құтты болсын!
Туған күнің құтты болсын, Love балам!
Туған күнің құтты болсын!
Туған күніңмен, әкең сені жақсы көреді", - делінген жазбада.
(Happy Birthday to you!
Happy Birthday to you!
Happy Birthday baby Love!
Happy Birthday to you!
Happy Birthday, daddy loves you).
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, 2024 жылдың қыркүйегінде сексуалдық сауда және зорлық-зомбылық ісі бойынша қамауға алынған Дидди Бруклиндегі Митрополиттік тергеу изоляторында 2025 жылдың 5 мамырына жоспарланған сотты күтіп отыр.
Еске салайық, Шон Комбстың Love есімді кішкентай қызының екі жасқа толған туған күнін қалай атап өткенін әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан көруге болады. Парақшаны қыздың анасы жүргізеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева