Әнші Толқын Забирова "Алғашқы" бағдарламасында ата-анасы туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, әкесі болмаса да аналары мен әжесі болған.
"Әкемді өмірімде көрген жоқпын. Баланың есінде ондай нәрселер қала ма, жоқ па?! Кішкентай дастархан, бір еркекті көремін. Бірақ ол кім екенін білмеймін. Мүмкін әкем шығар. Көз алдымда бейнесі жоқ. Әрине, толық отбасында өсу арман ғой. Мен өзімді әкесіз өстім, бірнәрсе жетпеді деп еш уақытта айта алмаймын. Аналарым болды, әжем болды. "Менің әкем қайда?" деп анамнан сұрағанда, "ол қайтыс болды" деп айтқан. Сөйтсем, ол кісі әлі тірі екен. Өзімнің ниетім болған, іздеп, алдынан өтіп, танысып, кешірім сұраймын ба (деген - еск.). Білмеймін. Мүмкін кешірім сұрау керек. ...Әкемнің тегін білмеймін. Сондықтан атамның тегін алдым. Бұл әңгіме анама ауыр тиеді, сондықтан қозғамай-ақ қояйық, болған оқиға. Бәріміз пендеміз, әр адамның өз тағдыры болады. Оған тек рақмет айтамын. Анамның, сол екі адамның арқасында дүниеге келгенмін", - деді әнші.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!