- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әкемнің моласын...
"Әкемнің моласын түсірілім алаңына айналдырғысы келді". Кенжебек Нұрдолдай Малахов командасымен болған келіспеушілік жайлы айтты
Қарағандылық әнші, музыкант Кенжебек Нұрдолдай Андрей Малаховтың "Песни от всей души" бағдарламасына қатысқан болатын. Қазақстандық әнші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Малаховтың командасымен болған келіспеушілік жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Андрей Малаховтың "Песни от всей души" бағдарламасында кейіпкерлер өздерінің оқиғаларымен бөліседі және сүйікті әндерін орындайды. Оған бүкіл әлем бойынша қатысушылар келе алады. Редакция қазақстандық әнші Кенжебек Нұрдолдайды да шақырған болатын.
Тимур Балымбетов әншіден неге бұл бағдарлама оны мүлдем көзі көрмейтін адам секілді көрсеткісі келгенін сұрады.
"Басында бізге операторлар келді. Олар түсірілім кезінде маған не және қалай жасау керегін айтып бастағандары ұнамады. Басында бәрін істедім, себебі солай болу керек деп ойладым. Түсірілім кезінде осылай айт, былай айт деді. Басында бұл бағдарлама сондай шығар, солай болу керек шығар деп ойладым. Ары қарай қызық болатын шығар деп күттім. Бірақ олар бәрін жасқа (драмаға) айналдырып жіберді", - деді Кенжебек.
Сондай-ақ, әнші олардың әкесінің моласын түсірілім алаңына айналдырғысы келгені ашуына тигенін айтты.
"Маған ең ұнамағаны, олар менің әкемнің моласын түсірілім алаңына айналдырғысы келді. Бұл мені қатты ашуландырды. Операторлармен сөзге келіп қалдық. Мен "қазір сіздер кетесіздер, бекер келген боласыздар, мен бағдарламаға келмеймін немесе мен айтқандай жасаймыз" дедім. Кей ескі кадрларды қалдырды, қайта түсіруге мүмкіндік болмаған шығар. Мысалы, мен студияда жұмыс істеп отқан жерлерді менің сұрауым бойынша түсірді", - деді ол.
Кенжебек Нұрдолдай өмірге шағымданатын адам емес екенін айтты.
"Мен "маған ауыр" деп жылағанды жек көретін адаммын. Әрине, өмірімде шынымен ауыр кезеңдер болды: жертөледе қондым және т.б түрлі жағдайлар болды. Бірақ бұл қайғыруға немесе біреуді мұңайтуға себеп деп ойламаймын. "Сен менің өмірімді көрген жоқсың" деп айтқым келмейді. Әр адамда өмірінің өз сценарийі бар", - деді әнші.
Әнші бағдарламаның жақсы шыққанын айтып, ол жайлы пікірін аяқтады.
А. Жапатова