Танымал әнші Жазира Байырбекова сіңлісіне көлік мінгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Қасиетті Құрбан айтта, бауырларымның басын қосып, Алла разылығы үшін, әкемнің әруағы разы болса деп үйдегі 7 қыздың ең кенжесі Ұлданға тосынсый жасап , кеудемді қуаныш кернеп отыр. Сіңілімді құттықтап қойсаңыздар болады. Аллаға сансыз Шүкір!!!" - деп жазды әнші әлеуметтік Желіде.
Желі қолданушылары да жантебірентер сәтке жылы лебіздерін жазған.
"Керемет, көзімізге жас келді. Бауыр деген осылай болу керек. Мәселе ақша, сыйлықта емес, шынайы жанашырлық, сыйластықта", "Көзімізге еріксіз жас келді", "Бауырға жасалған жақсылық жақсылықтың төресі ғой", - деп жазды олар.
Әншінің бауыры да ерекше сыйға алғысын білдірген.
"Құрбан айт құтты болсын! Алла тағалам маған бауырларым арқылы үлкен сый жасады. Жанболат жезде, Жазира әпке, сіздерге Алла разы болсын! Маған деген сенімдіеріңізге рахмет!" - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!