Dequine лақапатымен белгілі әнші Данеля Садықова - Мәжіліс депутаты Асқар Садықовтың қызы. Бұл туралы әншінің өзі "Замандас" подкастында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен әкемнен ұялатынмын. Оның қызметінен ұялатынмын және бұл туралы айтуға қорқатынмын. Себебі өткен жылдан бастап отбасым Астанаға көшіп, әкем депутаттық қызмет атқарып жүр. Бұл ақпаратты айтуға қорқатынмын. Себебі 16-18 жасынан блог жүргізіп, дамыған мен үшін бұл туралы айту қорқынышты болды. Қазір не үшін ұялдым деп ойлаймын. Әкем әділ адам, жақсы дүниелерді қозғап жүр. Бұл туралы өзім айтқаным дұрыс шығар деп ойладым", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!