Танымал композитор марқұм Ескендір Хасанғалиевтің жары Дарико Хасанғалиева екеуінің таныстығы туралы "Дастархан" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, композитормен Қарағандыдағы концертте танысқан.
"Қарағандыда "атақты композитор, әнші келе жатыр" деп барлығы шулады. Әкем сол концертке барғанымды қатты қалады. Ол кезде мен Мәскеуде оқып жатқан едім. Кетпекші болып жиналып жатқанда, әкем "Айналайын, Дарико, осы концертке баршы" деді. Әкем айтқанын істетпей қоймайтын, қатал болатын. Егер әкем сол концертке мені жібермегенде Ескендір ағаларыңмен таныса алмай қалатын ба едім, кім біледі?! Сондықтан әкеме әрқашан рақметімді айтып отырамын", – деді Дарико Хасанғалиева.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз