Актер Әбілмансұр Серіков әкесі Әбунасыр Серіковтен таяқ жеген күндерін, бала кездегі қызық оқиғаларды еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы актер "Urpaq" подкастында бөлісті.
"Есімде қалған жайт бар. Әкем анама 200 теңге берген. Анам 200 теңгені жасыл шалбарымның қалтасына салып қойған. Мен балалармен ойнауға далаға шығып кетем. Ойнап жүріп, қолымды қалтама салсам, 200 теңге жатыр. Киоскіге барып, балаларды ертіп алып, дүкеннен майда-шүйденің бәрін алдым. Сөйтіп 200 теңгенің басына су құйып тастадым. Нәтижесінде әкемнен өліп таяқ жедім. Әкем жаман болсын деп ұрмайтын. Мен қатты бұзық болдым. Шектен шығып кеткенде әкем сабама түсіріп қоятын. Басында жай сөзбен айтатын. Бірақ бала болып, ұмытып кетесің. Бір рет бір баланың өкшесін жарып жібердім. Әткеншекке қатты тербеткенде, өкшесі темірге тиіп, жарып жібергенмін. Ол баланы әкесі мен шешесі келді. Сол кезде таяқ жегенім бар. Таяқ жегенім көп. Ол кісі "жыныңды қағам" дейтін де, қамшымен сабайтын", – деді Әбілмансұр Серіков.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!