"Human Rights Lawyers" басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі оған басынан өткен ауыр жағдайды айтып, хат жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кішкентай кезімнен зорлық көрдім десем де болады. Сіңілім бар 1 жас кіші. 3-4 жас шамасында көшемізде тұратын 91-95 жылғы аралықтағы балалар көрші үйдің складына кіргізіп алып мені шешіндіретін. Әлі есімде, ортасы ойылып қазылған, ортасында ұзын ағаш жататын. Соған жатқызып білгендерін істейтін. Ол кезде түк түсінбейтінмін. Кейінірек өзімнің туған атам ішіп келген кезінде әурет жерін ұстатып жататын, ол кезде жасымыз 5-6 жас шамасында. Мамамыз базарда картошка анау-мынау сататын. Сіңілім екеумізге 100 теңге беріп алдайтын еді. Ол кезде 100 теңгеге біраз зат келетін. Сомен ұстап риза болып жүретінбіз, ақша алғанымызға мәз болып. Кейінірек 2-сынып оқып жүргенде квартирада тұрғанбыз. Мама через день жұмыс істейтін. Бір күні үстімдегі ауыр салмақтан оянып кеттім, сөйтсем әкем үстімде жатыр. Сосын папа туалетке барамын деп орнымнан тұрдым, іш киімім жоқ, әрең тауып киіп, сыртта біраз отырдым ұйықтағанын күтіп. Оның бәрін бойжеткесін түсіндім. 17-18 жасымда бір жігітпен танысып, жүре бастадым. Ол да үйленемін қыз болсаң дегенге басым айналып, қалай беріліп қойғанымды білмей қалдым. Ол сол күйі мойындамады. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Жолдасым 1 үйленіп ажырасқан. "Ештеңеге қарамаймын, уайымдама" деп алды. 5 жылдан кейін бетіме басты соны "сені әкең үйткен" деп", - деп жазған ол заңгерге.
Ал кейін жолдасы құмар ойындарға әуес болыпты.
"Бәрі жақсы болған. Енеммен арамыз онша болмады. Тырыстым, көңілінен шықпадым. Ол жолдасымның миын жеп жүрген екен "кетіңдер" деп. Содан бастап құмар ойындарға кіріп бастапты өзінің айтуы бойынша. Өзіміз үй салып бөлек шыққанбыз. Үй, машиналар - бәрін сатып, құмар ойынға салды. Қарыз, кредиттен көз ашпай кеттік. Барлық нәрсеге көніп келгенмін, ененің сөзі, измена, балалар ауырып, өзім ғана қалатынмын. Осы жылы стресстен өлгім келді балаларыммен. Бірақ есімді жинап алдым уақытында. Қазыр ортамыз тым суық. Сөйлесу, сырласу, ортақ мәміле жок. Тіпті үйде болмайды. Ойлап отрмын ондай күйеудің не керегі бар маған. Бірге жатпасақ, бірге отырып тамақтанбасақ, балаларға уақыт бөлмесе, 1 тиын ақшам да жоқ, ақшаның бәрін әке-шешесі алып отыр. Лудомания - емі жоқ ауру, сол себепті тек ажырасу ғана дұрыс деп ойлаймын. Туыстары "емдет, оқыт" деп отыр. Мен оны емдетемін деп өзім ауру болғым келмейді. Қадірлей берсең, қадірің кетеді деген рас екен", - деп жазған әйел өмірі туралы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!