Брейкингтен Қазақстан командасының мүшесі Амир Закиров Париж Олимпиадасын қорытындылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол киген киімінің мағынасын түсіндірді.
"Маған өнер көрсетуім қашан да ұнайды. Дегенмен, төрешілердің өз талаптары бар. Жеңу үшін белгілі бір би түрін көрсету қажет. Ал мен әркез өз қалауымша билеуге тырысамын, спортта болу керек ережелердің жетегінде кеткім келмейді. Өкінішке қарай, сол ережеге сай мен бірінші, екінші не үшінші орында да емеспін. Бірақ өзіме көңілім толды.
Атмосфера өте жақсы. Мен үшін достарым жанымда болуы маңызды. Өз адамдарым барын білсем, өзімді жақсы сезінем.
Кішкентай мемлекеттердің тумасына бұндай деңгейде өнер көрсету қаншалықты қиын екенін білемін. Қысым жоғары. Мысалы, Еуропа, Америка үшін бұл қалыпты жағдай. Біздің жүріп өткен жолымыз қиын, сол үшін қатты қобалжимыз. Дегенмен бәрі де мүмкін.
Мен Солтүстік Қазақстан тумасымын. Бұл аймақтан басқа атлеттер бар-жоғын білмеймін. Өзіңе сенсең, бәрі де мүмкін дегім келеді.
Бүгінгі менің мақсатым жеңіс емес, осы Олимпиаданы, брейкингті тамашалаған жас ұрпақты шабыттандыру. Спортшы үшін сәл ерекше киіндім. Үстімдегі киімнің бәрін достарыммен жасадық.
Кеудемде "Еңбек" ауылы бейнеленген. Балалық шағым өткен үйімнен түсірілген сурет. Өкінішке қарай, бірнеше жыл бұрын бұл жерде өрт шықты. Оқыс жағдай кезінде әкем мен атам көз жұмды. Сондықтан, бүгін брейкинг арқылы өз отбасымды, ауылдан шыққан жолымды көрсеткім келді. Мен үшін бұл өте маңызды. Бұл қолымнан келді деп ойлаймын" - деді Закиров.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!