Танымал актриса Нұргүл Мыңғатова "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында марқұм әкесін есіне алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, нағашы ата-әжесінің қолында тәрбиеленген.
"Мен кішкентай болдым. Есімде жоқ. Ауырды. Әжемді мама деймін. Сұрауға бата алмайтынмын. Ренжіп қала ма деп ойлайтынмын. Бірақ кейде әкемді іздейтінмін. Соңғы кездері әкемді қатты есіме алатын болыппын. Қазір үлкен парызым тұр: басына барып, Құран бағыштап, туған-туысты жинау. Жете алмай жүрмін. Өзімді кінәлап сезініп жүрмін. Қу тіршілік, күнкөріс дегендей", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!