Депутат Дәулет Мұқаев ата-анасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Дианамен дұрыс" бағдарламасында бөлісті.
Тележүргізушінің айтуынша, Дәулет Мұқаевтың әкесі Астанадағы балабақшалардың бірінде күзетші болып жұмыс істейді.
"Иә, рас. Менің әкем "балам, бұл - адам баласының тағдыры. Кейде негатив пікірлер жазылып жатса, "мықты болса, өздері депутат болмай ма" деп жатады. Әкем - қанағатшыл адам, ешқашан қарыз алдыртпайды. "Қара су, қара нан жесең де, ешкімге қарыз болма" дейді. Ол несие, ипотека деген нәрсеге түбегейлі қарсы. Оның алдында да Семейде ауруханада терезе, есік жөндеп, жалдамалы жұмысшы болды. Бірақ мен қазағыма "балаларыңа инвестиция салыңдар, дұрыс тәрбие беріңдер" дегім келеді. Кезінде әкем базарда жалдамалы жұмысшы болып, "қазір мені кім алып кетеді, кім жұмыс береді" деп жүргенде, анам маған тәрбие берді. Анам маған білім берді. Ол маған "балам, бірінші кезекте адалдық" дегенді айтатын. Мен Құдайдан "адал жолдан тайдырмашы" деп тілеймін. Ата-анама ренжімеймін, бетімді қаққан емес", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!