- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әкеліп тастаған болуы...
"Әкеліп тастаған болуы мүмкін". Алматыда өзеннен жаңа туған нәресте өлі табылды
Алматы қаласы Түрксіб ауданының тұрғындары жаңа туған нәрестені өлі күйінде тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға кеше түнде Словацкий көшесінде болған.
"Кеше түнде біздің көшеден жаңа туған нәресте өлі табылды. Анасы әлі табылған жоқ. Бұл сағат 22:30-да болды", - деген жергілікті тұрғын Tengrinews.kz-ке.
Оның айтуынша, бала өзеннен табылған.
"Бұл кеше түнде болды. Полиция мені шақырды, біз сағат үшке дейін көшеде болдық. Содан кейін таңертең полицейлер ауданды қарай бастады. Бірақ әзірге нәтиже жоқ: олар анасын таба алмай жатыр. Оны көлікпен өзенге әкелген болуы мүмкін", - дейді әйел.
Алматы полициясы өкілі өзен арнасынан жаңа туған бала өлі табылуына қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова