- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әкеден гөрі доспын"....
"Әкеден гөрі доспын". Актер Берік Тұрсынбеков балалары туралы айтты
Көпшілікке "Күлпаш" рөлі арқылы кеңінен танылған актер Берік Тұрсынбеков "1001 түн" бағдарламасында отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен балаларыма әкеден гөрі доспын деп ойлаймын. Дастарқан басында әзілдеймін. Кейде сөгіп алатыным да бар. Балаларым да қол көтеруге жеткізген емес, Құдай сақтасын. Кейде жайлымын, кейде жайсызбын. Көңіл-күйім жоқ кезде, үй тып-тыныш болып қалады", – деді Берік Тұрсынбаев.
Еске салайық, бұған дейін Берік Тұрсынбеков "Күлпәш" ролі туралы айтқан болатын.
Оның айтуынша, енді Күлпаш кейіпкерін сомдағысы келмейді.
"Гүлпашты ойнағым келмейді, шаршадым. Осы маусымнан кейін доғарсам ба деген ой бар. Бірақ жылда сөйтіп айтамын. Көңілшектеуміз ғой. Мені бәрі әйел көреді ғой деймін, сырын айтып, мотивация аламыз деп сырласқысы келеді. Шынында, өйткенде дайректе жазып жіберіпті. "Күйеуім екеуміз ажырасатын болдық. Бір кезде күйеуім сыртқа шығып кетті, менің көзім "Күлпашқа" түсіп кетті, сөйтіп күйеуім кіріп келгенде мен күліп отырмын, ол маған қарап күліп, ажыраспайтын болдық" деп жазып жіберіпті. Біреудің отбасын сақтап қалса, бекерден-бекер қатын болып жүрген жоқпыз. Сөйтіп көніп қалып жатырмын", - дейді ол.
Оның айтуынша, Күлпаш кейіпкерінің кей қылықтарын туған әпкелерінен алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина