- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әке-шешемнің жанында болдым"....
"Әке-шешемнің жанында болдым". Дина Төреәлі жоғары оқу орнына түспеу себебін түсіндірді
Фото:
Әлеуметтік желіден
Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі мектептен кейін жоғары оқу орнына не себепті түспегенін ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дина Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Ол мектеп тәмамдаған соң, оқуға неге түспегенін айтты.
"Себеп жоқ. Ойланып жүрдім. Сол кездегі өміріммен рахаттанып жүрдім. Тауып жатқан ақшам бастан асты. Әке-шешемнің, кішкентай бауырларымның қасында уақыт өткіздім. Соңына қарай не болғанын өздеріңіз білесіздер. Америкаға 1 жылға жоспармен кететін болып, тұрмысқа шығып кеттім. Алдағы уақытта шетелде күйеуіммен, баламмен барып, білім алуға жоспар бар", - деп жазды ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы