- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Әке сенің атыңды...
“Әке сенің атыңды құрметтеймін“. Абай Бегейдің тұрмысқа шыққан қызы әкесіне жазба арнады
Танымал әнші Абай Бегейдің 16 жаста тұрмысқа шыққан қызы әкесіне арналған әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сымбат Бегейқызының әлеуметтік желідегі жазбасын желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.
"Әке сенің атыңды құрметтеймін,
Маған сенші, жаныңды мұңды етпеймін", - деп жазды өнер иесінің қызы.
Алғашында желі қолданушылары 16 жастағы қызын тұрмысқа берген әнші туралы жақсы пікір жазбағанымен, қазір бәрі қызға бақыт тілейтін болыпты.
Абай Бегейдің қызының парақшасында "Бақытты болсын жастар! Асқар тау әкең аман болсын, айналайын! Сымбат бәрі күшті, Әсел Амангелдіге ұқсатамын, қаражатың бар, сол қыз сияқты оқып, сендерді Гарвард университетінің студенті ретінде көрдім келеді", "Әкесінен аумайды өзі, бақытты бол" деген мазмұндағы жылы пікірлер көп.
Еске салайық, қызын алыпқашып кеткенде әуелі қуғыншы жіберіп, кейін ойланып ақ батасын берген Абай Бегей қызының тойында көлік сыйлаған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева