Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram-парақшасында ұлымен бірге балық аулауға барғанын жазып, әке орнына әке болуға тырысып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Әншінің сөзінше, ұлымен бірге балыққа Іле өзеніне барған.
"Ұлыма әке болған түрім ғой. Балыққа барып, қармақ ұстауды үйреніп, тез икемделіп кетті. Құлыныма қатты ұнағандықтан, жылына екі рет балыққа барамыз деп келістік. Салтайға ұнағанның бәрін қолымнан келгенше жасаймын деп уәде еттім!" - деп жазды әнші Желіде.
Желі қолданушылары түрлі пікір жазған. Көпшілігі әншінің қайсарлығына тәнті болған.
"Қызым, саған әйел бақытын тілеймін, балапаның саналы азамат болып өссін!", "Мда, қазіргі заманда еркектер қатын болып, әйел адам ер адам болды ғой", "Мөлдір, бұл ісің дұрыс емес, балаға әке керек, әкенің орны әрқашан да бөлек, сондықтан ойлан, балаңа әке ізде", "Ана өз баласына дүниеде керемет ұстаз бола алады!", "Жауапсыз әке сымақтар көп біздің елде өкінішті..." - деп жазған Желідегілер.