- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақботанұр Абайқызы той...
Ақботанұр Абайқызы той көйлегімен видео жариялады: әншіні оқырманы құттықтап жатыр
Әнші Ақботанұр Абайқызы той көйлегімен түскен видеосын жариялап, оқырмандарын екі ойлы қылып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Instagram-парақшасына видео жариялады. Онда Ақботанұр Абайқызы ер адаммен тұрғаны көрінеді. Кадрларда әнші той көйлегін киіп тұр.
"Әрбір адам өзін бақытты сезінетін жерде жүруі тиіс…" - деп жазды әнші видео сипаттамасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеоға Ақботанұрдың оқырмандары түрлі пікір білдірген. Біреулер әншіге бақыт тілеп, қуанышына ортақтасып жатса, біреулер мұны сериал түсірілімі болуы мүмкін деп, сенімсіздік білдірген.
"Барлық әйел бақытты болуға лайық. Қанша жерден бала-шағам үшін өмір сүремін дейміз, бірақ Алла сана берсін ұрпақтарымызға. Жалғыз өсіріп жетілдірген уақытта да ананың қадірін білмейтіндер бар. Бақытты бол! Ақбота, балаларыңды жақсы жағынан қабылдаса бәрі жақсы болады", "Жігітіңіз бе? Әлде жаңа сериал ма?", "Ой молодец. Сен қыз бақытты болуға лайықтысың!!!", "Түсірілім ғой", "Асықпашы, ендігі жар таңдауда, жассың, балаларың кішкентай", "Сен әбден бақытты болуға лайықсың", - деп жазып жатыр оқырмандар.
Айта кетейік, Ақботанұр Сейтмағанбет - әнші, актриса, "КешYou" тобының экс-солисі. Оның "Қайда, қайда", "Өзіңмен бірге", "Аяла", "Жүрекпен сағынайық" әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан