- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақбота-Нұр қоныс тойға...
Ақбота-Нұр қоныс тойға қандай сыйлық қалайтынын айтты
Фото:
Instagram/akbotanurabaykyzy
Танымал әнші Ақботанұр Сейтмағанбет қоныс тойға қандай сыйлық қалайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Instagram-парақшасында бөлісті.
"Қоныс тойға шашуға не апарайық деген туыстарым, олай әуре болмай-ақ қойсаңыз болады! Осы Prada-ның сөмкесі де жеткілікті", - деп жазған ол Stories-інде.
Сондай-ақ, әнші Massaget.kz тілшісіне 5 бөлмелі пәтерін Алматыдан алғанын айтты.
Айта кетейік, Ақботанұр Сейтмағанбет - әнші, актриса, "КешYou" тобының экс-солисі. Оның "Қайда, қайда", "Өзіңмен бірге", "Аяла", "Жүрекпен сағынайық" әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек