- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақбөкеннің мүйізін заңсыз...
Ақбөкеннің мүйізін заңсыз сақтаған қостанайлық сотталды
Ақбөкеннің мүйізін заңсыз сақтаған қостанайлық сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай аудандық сотында ақбөкеннің мүйізін заңсыз сақтау және тасымалдау арқылы аса ірі залал келтірген деп айыпталған адамға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 339-бабының 3-бөлігі).
Сот анықтады
Сотталушы заңсыз жолмен алынған ақбөкен мүйіздерін Астанадан Қостанайға тасымалдауға шыққан. Ол үшін көлік жүргізушісін жалдаған. Әулиекөл тасжолында полиция бөлімінің қызметкерлері сотталушы отырған көлікті тоқтатқан.
Одан жалпы құны 2 млрд теңгеден (ірі залал) асатын 823 заңсыз жолмен алынған ақбөкен мүйізі тәркіленген.
Тараптардың ұстанымы
Прокурор сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тараптың өкілі – баптың санкция шегіндегі жазаны сұраған. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.
Сот шешімі
Қылмыстық кодекстің 339-бабының 3-бөлігінің санкциясында балама жаза – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейін айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Кішкентай балалардың болуы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде танылды. Ешқандай ауырлататындар жоқ.
Жасалған іс-әрекеттің жеке басын, сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және істің мән-жайын ескере отырып, сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жылға аңшылықпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина