- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақан Сатаевтың қызы...
Ақан Сатаевтың қызы ата-анасының ажырасуына қатысты жазба жариялады
Танымал режиссер Ақан Сатаевтың қызы Айиша Instagram-парақшасында ата-анасының ажырасуы туралы пікір білдірді. Айта кетейік, өнер иесі экс-жары Назина Бақаевамен екі жыл бұрын ажырасқан еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ата-анамның ажырасқаны туралы. Мен көп нәрсені бақылап, талдадым. Енді оны сіздермен бөліскім келеді. Бізді, балаларды, бәрінің қатарына қоспаңдар. Мен ата-анасының ажырасуын бастан өткерген басқа балалар туралы жаза алмаймын. Мен өзімнің жеке пікірімді және тәжірибемді бөліскім келеді. Ата-анамның ажырасайын деп жатқанын алғаш естігендердің бірі ретінде, ата-анам - ақыл тоқтатқан, дана адамдар, олар ыдыс сындыратын басқалары сияқты емес, әңгімелесіп, мәселені шеше алады. Мен оларды үлгі тұтамын. Олар мені қалай қолдайды, мен де оларды солай қолдауға дайынмын. Мен оларды бақытты ететін кез келген таңдауды қолдаймын. Бұл мені де, менің таңдауыма да байланысты", - деп жазған ол парақшасында.
Сондай-ақ, Айиша Сатай ата-анасы ажырасқаннан кейін отбасы мүшелерінің ара қатынасы қандай екенін айтты.
"Бір қуантарлығы, бізге әкені не ананы таңдау қажет болмады. Біз доспыз, бірге уақыт өткіземіз, әңгімелесеміз, бала кезіміздегідей бір-бірімізді құрметтейміз. Ата-ананың ажырасуы балалардың психологиясына кері әсерін тигізеді, мен қоғамның қамқорлығы мен уайымын түсінемін. Бірақ бәрі адамдарға, ажырасу процесіне байланысты", - деп жазған ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек