Танымал режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаева өзіне қатысты қауесетке нүкте қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Qysqa soz бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Назира Бақаева өзінен бірнеше жас кіші Doris есімді қызбен көңіл қосқан.
"Doris-қа алғысым шексіз. Ол мені қараңғы түнектен құтқарды, өмірімен жарық берді. Оның маған жасаған жақсылығы өте көп. Әйел-әйелге қолдау бере алады, менің соған көзім жетті. Алғашқыда біз жұмыс, шығармашылық барысында жақын болуды ойладық, содан кейін бірге тұруды шештік", - дейді ол.
Оның айтуынша, қазір ол бойжеткенмен "Бостон" некесінде тұрады.
Анықтама: бұл неке - екі әйелдің ресми некесіз, романтикалық немесе жыныстық қатынассыз бірге тұрып, бір-біріне эмоционал, тұрмыс жағынан, қаржылай тірек болу.
Айта кетейік, Назира Бақаева - 5 баланың анасы, Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі, актриса.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz