АҚШ президенті Дональд Трамптың жағдайы жақсы. Бұл туралы америкалық шенеуніктер әлеуметтік желілердегі қызу талқылауларға байланысты мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың айтуынша, АҚШ басшысы таңертең гольф ойнауға кеткен.
"Трамптың жағдайы жақсы. Бүгін таңертең ол гольф ойнап жүр", – деді Axios журналисі Барак Равидке аты-жөнін атамаған Ақ үй өкілі.
Бұл хабарлама X желісінде жарияланды.
АҚШ баспасөз құралдарының хабарлауынша, Ақ үйдің баспасөз пулы президентті кортеж шықпас бұрын ақ түсті поло жейде мен қызыл кепка кигенін көрген. Алайда суреттер таратылмаған.
Кеше желіде "Дональд Трамп қайтыс болды" деген хабарламалар таралды. #TrumpIsDead хэштегі X (Twitter) желісінде трендке айналып, ондаған мың жазба жинады. Ресми растаулар болмады: бұл АҚШ президентінің денсаулығына қатысты қауесеттер, вице-президент Джей Ди Вэнстің соңғы мәлімдемелері мен "Симпсондар" мультсериалына байланысты тараған тренді болуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек