Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram-парақшасында оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ал ертең біз үшін ақ түйенің қарны жарылатын қуанышты күн. Мадина келінімнің ұзатылу тойы. Достар, бүгін мен үшін, әулетім үшін ең бастысы, ұлым Беклан мен келінім Мадина үшін бақытты күн. Санаулы сағаттардан соң келінім Мадинаның ұзату тойы басталады. Тойдан тобықтай демекші, видео көп болады", - деп жазған ол Желіде.
Айта кетейік, 23 мамырда Айнұр Тұрсынбаева келін түсіргенін хабарлаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!