- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі қылмысы
Ақ түсті ұнтақ. Павлодарда екі жасөспірім есірткімен ұсталды
Павлодар қаласында көрші өңірдің екі жасөспірімі есірткімен ұсталды. Павлодар облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғындарын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында олардан ақ түсті ұнтақ салынған 20 полимерлі пакет тәркіленді.
Жастардың уақытша тұрған мекенжайын тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын синтетикалық есірткі заттары, оларды орауға арналған полимерлі пакеттер, электр таспасы және басқа да құрылғылар табылды. Анықталғандай, олар Павлодар қаласында есірткі мен психотроптық заттарды жанасусыз тарату мақсатында пәтерді жалға алған.
"Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау және өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Полиция департаменті осындай қылмыс жасағандар үшін Қазақстан заңнамасында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина