Қырғыз Республикасының Чаткал ауданындағы болған қар көшкінінен алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылар үш мәйітті 18 қазанда Ақ-Сай шатқалынан тапты, тағы үш адам кеше таңертең, 19 қазанда табылды. Олардың арасында қытайлық азамат бар.
"9 қазанда Қаныш Кия ауылының 14 тұрғыны, сондай-ақ Қытайдың бір азаматы өсімдіктердің тамырын жинау үшін тауға шығып, 16 қазанда жоғалып кетті. Сегізі Қорған-Сай ауылының маңынан аман-есен табылды", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Жоғалғандарды он шақты адам бірнеше күн бойы іздеді, іздеу тікұшақпен де жүргізілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!