Ақ-Сай асуында қар көшкіні астында алты адам қаза тапты

Қырғыз Республикасының Чаткал ауданындағы болған қар көшкінінен алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құтқарушылар үш мәйітті 18 қазанда Ақ-Сай асуынан тапты, тағы үш адам кеше таңертең, 19 қазанда табылды. Олардың арасында қытайлық азамат бар.

"9 қазанда Қаныш Кия ауылының 14 тұрғыны, сондай-ақ Қытайдың бір азаматы өсімдіктердің тамырын жинау үшін тауға шығып, 16 қазанда жоғалып кетті. Сегізі Қорған-Сай ауылының маңынан аман-есен табылды", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Жоғалғандарды он шақты адам бірнеше күн бойы іздеді, іздеу тікұшақпен де жүргізілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!