- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақ матаға оралған"....
"Ақ матаға оралған". Жаңаөзен тұрғыны көлігінде атыс қаруын сақтап жүрген
Әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде ер адам ұсталған видео тарады. Өңірдің Полиция департаменті өкілі видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, қару-жарақ тәркілегені көрінеді. Кадрдан тыс жерде әйел күйеуін заңсыз ұсталғанын, оған жала жабылғанын айтады.
"Ол ештеңеге қол тигізбеді, оған жала жабылды. Бұған дейін үйге тінту жасалды, бірақ ештеңе табылмады", - дейді экраннан тыс жерде әйел.
Өңірдің Полиция департаменті өкілі видеоға қатысты пікір білдірді.
"9 қыркүйекте сағат 6:55 шамасында Жаңаөзен аумағында ер адам көлігінде атыс қаруын сақтайтыны туралы жедел ақпарат түсті. Сол күні сағат 07:09-да Жаңаөзен жолдарының бірінде Toyota Hiace көлігі тоқтатылды. Тінту барысында көліктің жолаушылар отырғышының төменгі жағынан ақ түсті матаға оралған қару табылып, тәркіленді", - делінген ведомство хабарламасында.
Полиция мәліметінше, ұсталған адам - 45 жастағы ер адам.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова