- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақ кірекей, Амур...
Ақ кірекей, Амур жолбарысы: Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар пайда болды
Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар - ақ аю, зебра, Амур жолбарысы, ұрғашы шимпанзе және қызғылт фламинго.
Алматы қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаевтың мәліметінше, 2023 жылы хайуанаттар бағындағы 25 түрлі жануардан 80 төл алынған. Олардың арасында көгілдір қой, Шетланд понидің құлыны, кенгуру, кірпі, лемур, теңбіл бұғы, үй қодасы, Чапман зебрасы, су сиыр, қозықұмай, құмай, жапон тырнасы, тау қазы, африкалық улы сұр жылан, шығыс колобусы және т.б. бар.
Әсіресе, Пурга атты ақ кірекей көптің назарын аударды. Қазір ол 6 жаста. Жануар екі бассейні бар жарты гектарға жуық кең қоршауда тұрады.
"Біз бұл оқиғаны ұзақ күттік. Ақ қонжықты іздеуге және оны Алматыға жеткізу туралы келіссөздерге екі жарым жылға жуық уақыт кетті. Ақыры ақ кірекейді тегін алдық. Қазір Швеция хайуанаттар бағының бірімен Пургамыздың жұбын әкелу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Ғани Майлыбаев.
Бүгінде Алматы хайуанаттар бағына келушілерге ұнаған Паша есімді еркек шимпанзе былтыр Лола аттты жұбын тапты, ол да Пургу сияқты Мәскеуден жеткізілді. Алғашында маймылдар бөлек өмір сүріп, бір-бірін сырттан бақылап жүрді. Қазір олар бір-біріне үйреніп, дос болды.
Суреттер: Алматы әкімдгі / Михаил Сорокоумов
Дәл осындай Урман жолбарысына ұрғашысы таңдалды. Сонымен қатар, хайуанаттар бағы Грант зебраларымен толықты, олар піл, су сиыр және бөкендермен бірге 2024 жылдың соңында құрылысы басталатын "Африка саваннасын" мекендейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова