Қазақстандық актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш 90-жылдар стилінде ерекше той жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жұлдызды жұп 2021 жылы некелесіп, шаңырақ көтерген болатын. Алайда елімізде жарияланған карантинге байланысты олар той жасамаған болатын.
"Достар, көбісі той болады деп ойламады, бірақ бүгін той болады. Кеше Жахан екеуміз ақылдастық та, той жасай салайықшы деп кішігірім той жасайтын болдық", - дейді әнші Балжан сторисінде.
Той 90-жылдар стилінде өтті. Дастарханда да сол кездердің тағамдары болды.
Олар 90-жылдар стиліндегі киім де киіп шықты.
Қонақтар арасында атақты продюсер Баян Мақсатқызы да болды.