Танымал әнші Ақбота-Нұр Абайқызы тұрмыс құратын күні жақындап қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Ақ көйлек" кию маған да бұйырды, Аллаға сансыз шүкір" деп айтатын күн де жақындап қалған сияқты, жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса!" - деп жазды әнші.
Өнер иесінің оқырмандары бұл жаңалыққа қуанып, жылы лебіз білдірген.
"Әр әйел бақытты болуға лайықты, бақыт тілеймін", "Бақытты болыңыз", "Алла бағыңды ашсын! Қазақтың сұлу, өнерлі қызы, бақытың өз қолыңда!", "Алла бағыңды ашсын, жаным", "Қосағыңызбен қосағарыңыз, бақытты болыңыз", "Бақытты бол, әйел қырық шырақты деуші еді, бағың жансын, қалаған қосағың қадіріңді білсе, сол бақыт", "Бағың ашылсын, бақытты бол", - деп жазған олар.
Айта кетейік, Ақбота-Нұр Абайқызы мен Дәурен Айдарқұлов 2016 жылы "Гламур для дур" фильмінің түсірілімінде танысып, бас қосқан болатын. Алайда 2020 жылы Дәурен мен Ақбота-Нұр ажырасатынын мәлімдеген еді. Бүгінде Ақбота-Нұр мен Дәуреннің Ибраһим есімді ұлы және Айша есімді қызы бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!