Ақ көйлек те киген. 30 жылдық інжу тойды дүркіретіп өткізгендер Қазнетті тәнті етті

Ақ көйлек те киген. 30 жылдық інжу тойды дүркіретіп өткізгендер Қазнетті тәнті етті
Фото: Әлеуметтік желіден алынған кадр

Әлеуметтік желіде үйленгендеріне 30 жыл болған айтулы күнді дүркіретіп өткізгендердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан 30 жылдық інжу тойды ерекше атап өткендердің қуанышы көрінеді. Тіпті тойда күйеуі мен әйелі вальс билейді.

"Күйеу жігіт пен қалыңдықтың вальсі. 30 жыл", - делінген Желідегі жазбада.

@almasluiza07

Мама и папа мои любимые❤️

♬ оригинальный звук - Luiza

Сондай-ақ, әйел той көйлегін киіп шыққан. Желі қолданушысының сөзінше, той көйлегін кию анасының арманы болған. Әлеуметтік желіде тараған бұл видео 1 миллионнан аса қаралым жинаған.

"Әкем мұндайды күткен жоқ. Әкемнің реакциясы. Ол таңғалды. Бұл тосынсый болды", - дейді Желі қолданушысы.

@almasluiza07

Такого папа точно не ожидал?❤️

♬ оригинальный звук - Luiza

"Анамның арманы той көйлегін кию болды", - дейді Луиза есімді желі қолданушысы.

@almasluiza07

Мечта сбылась❤️

♬ оригинальный звук - Luiza

Сондай-ақ, тойда қалыңдық пен күйеу жігітке арналған торт та болған.

"Қалыңдық пен күйеу жігітке және немеренің қолынан торт. Қандай әдемі көрініс", - делінген жазбада.

@almasluiza07

Қандай әдемі көрініс❤️??

♬ оригинальный звук - Luiza

Желі қолданушылары әдемі көрініске жылы лебіздерін жазған.

"Күшті көйлегі жарасып тұр, анаңыз да, әкеңіз де әдемі екен", "Керемет. Алтын тойды осылай керемет етіп өткізуге Алла нәсіп етсін сіздерге!", "Қандай керемет көрініс, бәрімізге осындай күн бұйырсын", "Бірнеше рет көрдім", - дейді пікір жазғандар.

Айта кетейік, інжу той - отыз жылдан кейінгі той. Бұл күні күйеуі әйеліне алқа сыйлауы керек, бұл өткен күндердің бәрі де інжудей тартымды болғанының куәсі екенін білдіреді екен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова