Танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдерге ән арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айтыскерлер әнді әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
1Үйлерді құлатып жатқан тасқын суға тосқауыл қоямыз деп сыртта жүрсек те, шаңырақты құлатып жүрген еркектерге ой салсақ деп осы тақырыпқа да тоқталдық", – деп жазды айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов.
"Әйелді адам санамайды,
Ессіздер жанын жаралайды.
Дені сау адам сабамайды,
Үйдегі аруды.
Сүйген жар жау болмайды,
Тирандар жар болмайды.
Әйелдер армандайды -
Тыныштық табуды.
Жақсыда жаттық болар ма,
Жаманға көңілің толар ма?!
Ақ келін болып аттандың,
Ақ кебінменен оралма!", – деп жырлады өнер иелері.
Желі қолданушылары айтыскерлердің бұл бастамасын қолдап, ақжарма лебізін білдірді.
"Ақ келін болып аттандың, ақ кебінменен оралма деп Салтанатқа айтылғандай", "қаншама қазақтың келіншектері осылай күн кешіп жүр", "көңілдегіні дөп бастың", "көзіме жас алдым", "әйелді ұру дұрыс емес", "еркектерге арналған ән күтеміз" деп жазды желі қолданушылары.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!