Желіде славян ұлты өкілінің тұсауын кесу рәсімі Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видео Instagram-дағы Shyndykz парақшасында пайда болды. Тұсауын кестіріп жатқан бала 2 жас шамасында. Видеода бірнеше адам кішкентай баланың жан-жағына жиналып, тілектерін айтып, тұсауын кесіп жатқанын көруге болады.
Желі қолданушылары қазақтың дәстүрімен баланың тұсауын кестіріп жатқандарға тәнті болды.
"Қуаныштымын. Салтымызды ұстаса несі бар? Жақсылық тілеймін. Өмірде сүрінбесін. Біздің салт-дәстүрімізді таратып жүретін азамат болсын", "Ақ жол саған, балапан", "Артық болмас, баласының жолы ашық болсын", "Қадамы құтты болсын", - дейді Желі қолданушылары.