- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Ажырасып кеттіңдер ме?”...
“Ажырасып кеттіңдер ме?” Дина Төреәлі оқырмандарын ойландырып қойды
Фото:
instagram.com/tattti_kyz?
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Instagram-парақшасында "Сұрақ-жауап" айдарын жүргізіп, жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берген.
"Ажырасып кеттіңіздер ме?" деп сұраған оқырмандарының бірі.
"Кеше әңгіме айтайық десем, 90 пайыз сұрақ – осы. Жекемде біртүрлі сұрақтар. Менің некем Қазақстан экономикасына немесе сіздердің өз жеке өмірлеріңізді сүру үшін маңызды болғаны ма деп қоямын", – деп жауап берген Дина Төреәлі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә