- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ажырасып кетер едік"....
"Ажырасып кетер едік". Танымал актриса күйеуінің өнеріне деген көзқарасы қандай екенін түсіндірді
Танымал актриса, "Мамский әңгіме" Youtube-жобосының жүргізушісі әрі авторы әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің өнеріне деген көзқарасы қандай екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, күйеуі үйленерде Айнұрдың мамандығы туралы хабардар болған, сондықтан бәріне түсіністікпен қарайды.
"Ең алдымен, ол кімге үйленіп жатқанын білгенінен бастайық.
Жалпы, ол менің қайда баратынымды, не істейтінімді біледі, бұл туралы өзім жеке де айтамын, инстаграмымнан да көреді, сондықтан мен әрқашан назардамын деп ойлаймын", - дейді ол.
Актриса ер адамның қызғанғанын дұрыс санайтынын жеткізді.
"Ол қызғанады ма, жоқ па?" деген сұраққа келетін болсақ, менің ойымша, иә, қызғанады. Ер адамның қызғанғаны дұрыс деп санаймын, бірақ ол қызғаныш өз орнымен болуы керек. Ал егер ол мені кез келгеннен қызғанатын болса, біз ажырасып кетер едік", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Лақтырып кетті". Танымал актриса Айнұр Ілиясова жағымсыз жайт туралы айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неше айында еңбектеуі қажет?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә