Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы әйелімен ажырасқан жағдайда мәһрді қайтарып алатын ер адамдарды сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дінтанушының желіде тікелей эфирде оқырмандарының сұрағына жауап беріп отырған сәттен үзінді тарады. Онда оқырманы: "Әйеліммен ажырассам, мәһрді қайтарып алып қойсам бола ма", - деп сұраған.
Дінтанушы бұл сұрақты қойған оқырманын сынап тастады.
"Әй, өзі беретінің түкке тұрмайтын ақша. Соны әйеліңнің артынан барып, қайтадан сұрағаның ұят емес пе? Кейбір жігіттер ажырасатын кезде жиһазға жабысып, дүниеге таласады? Ұялмайсыңдар ма? Сол әйелмен тұрмай кет, бірақ мәһрге жабысып не болды? (...) Таста да кете бер. Не әңгіме, не сөз ол? Шариғат бойынша, керек болса, ер адам емес әйел адам кінәлі болған жағдайда ғана мәһрді қайтарып аласың", - деп түсіндірді дінтанушы.
@baqytzhankyzy7 Алла разы болсын ұстаз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын ??#хочуврек #нұрланимам #нұрланұстаз ♬ оригинальный звук - Цветочек ?
Мәһр деген не және оны не үшін сұрайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!