“Ажырасқан шығар“. Мәдина Сәдуақасова оқырмандарын ойландырып қойды

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі өмірінде өзгерістер болып жатқанын айтқан.

"Жүректегі мұңды осы қыркүйекте қалдырдым…
Өмірімде өзгерістер орын алып жатыр.
Уақыты келгенде Сіздермен міндетті түрде бөлісемін", – деп жазды ол.

Бұған желі қолданушылары алаңдаушылық білдіріп, түрлі пікір қалдырған.

"Бәрі жақсы болады", "Тек ажырасу емес, өтініш", "Байдан ажырасқан шығар, басқа не мәселе бұл кісілерде", "Бұлттың артынан күн шығары бар", "Аяғы ауыр болса күшті болатын еді", "Түсіндім, аяғың ауыр. Амандық болса, бөпе болады", – деп жазған олар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!