- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ажырасқан әйелдерге әлеуметтік...
Ажырасқан әйелдерге әлеуметтік желіде өз ойын айтуға тыйым салынуы мүмкін
Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге әлеуметтік желіде өз ойын айтуға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елдің министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров орынбасары Эдиль Байсаловқа әйелдердің әлеуметтік желідегі жазбаларына мониторинг жасауды тапсырған. Оның сөзінше, әйел адамдар күйеуі және оның туыстары туралы жаман айтпауы керек.
"Біздің салт-дәстүрімізге қайшы келетін ақпараттардың тарауына шектеу қоюымыз керек. Кейбір келіндер өз әкесін мақтап, қайын аталарын, енесін жамандап жатады. Ал ажырасып кетсе әлеуметтік желіде ойын таратып жатады. Олар үлгі алатын адам емес", - дейді министрлер кабинетінің басшысы.
2022 жылдың қыркүйегінде Ақылбек Жапаров қыздардың қоғамдағы ролі туралы да айтқан болатын.
"Қыздар үй тірлігіне жауапты болуы керек, ал ұлдар ақша тауып, отанын қорғауы керек", - деген еді Жапаров.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина