Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында әжім ерте түспеу үшін қандай өнімдер жеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, әжім ерте түскенін қаламасаңыз, рационда мына өнімдерді көбірек қолдану керек:

Сәбіз
Құрамындағы D дәрумені қартаюға қарсы күшті антиоксидант ретінде әсер етеді.

Киви
Құрамындағы Е және С дәрумені ағзадағы токсиндерді тазартып, теріге жақсы әсер етеді.

Асқабақ
Құрамындағы коллаген өндіруші С дәрумені жастық пен сұлулықты сақтауға көмектесіп, терінің жағдайын жақсартады.
Ағзаға С дәрумені жетіспейтінін қалай білуге болады? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова