Бүгінде дамыған елдердің бәрінде әжетхана қағазы қолданылмайды. Оның орнына биде (унитаздың қасында немесе бірге орнатылатын, жыныс мүшелерін жууға арналған арнайы шапа бар кішігірім ванна) қолданылады. Осы ретте дәрігерлер әжетхана қағазынан туындайтын ауруларды атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Мамандар әжетхана қағазының орнына балаларға арналған ылғалды майлықты қолдануға кеңес береді.
"Сумен жуыну – әжетті өткерген соң тазалықты сақтаудың ең қолайлы әлі пайдалы тәсілі. Суды қолдану арқылы адам дәрет қалдығынан түгелдей тазара алады. Ал қағаз мұндай қажеттілікті толықтай өтей алмайды. Әжетхана қағазы тек қана жуынып болған соң құрғату үрдісі үшін қажет", - деді Wockhardt hospital ауруханасының дәрігері Тарик Пател.
Дәрігерлердің пікірінше, әжетхана қағазымен жиі сүртіну – тік ішектің айналасындағы жұмсақ теріні жарақаттауы мүмкін. Қағаздың жарақаттайтыны және дәреттің құрамындағы зиянды заттар оған түсіп, бөртпе және басқа да жағымсыз жайттарға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар түбегейлі тазартылмаған соң бактериялар көбейіп, ол жыныс мүшелеріне еніп кетуі де ғажап емес.
"Көптеген жыныс ауруларының инфекция түсуі әсерінен болатыны ескерсек, жыныс және несеп жолдары мүшелерінің дертке ұшырауының бір себебі әжетхана қағазын ғана қолдану екендігі түсінікті болар. Бұл жерде де түрлі қағаз қалдықтарынан өңделіп жасалған қағаздардың денсаулыққа қаупі көп екені белгілі. Әсіресе қағаз бетінде таза өңделмеген қалдық бөлшектері бар болса, оны мүлде пайдаланбау керек. Өйткені газет-журнал, кітап немесе басқа да қалдықтардан өңделіп жасалатын болғандықтан, оның бояуы арнайы химикаттар арқылы кетіріледі. Бірақ толық өңделмеген жағдайда ондағы химикаттар жыныс мүшелеріне түсіп, тағы да зияны тиеді. Әсіресе хлор мен мырышпен өңделетін қағаздардың денсаулыққа зияндығы көп анықталған", - деді мамандар.
Сондықтан денсаулыққа мән беріп, әжетхана қағазының ешқандай өңдеусіз, таза қағаздан жасалғанын (әлбетте, қымбат тұратыны белгілі) таңдаған дұрыс.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!