Өскеменде полиция бөліміне тұрғын хабарласып, кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, қыз жақын жерде тұратын әжесіне барған, бірақ оның үйіне жете алмаған. Өзі іздеп таппағаннан кейін ата-ана полицияға жүгінген.
Тәртіп сақшылары қызға қатысты ақпаратты облыстағы барлық полиция бөліміне және барлық полиция күшіне жіберді.
Бір сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін Буран-20 экипажы жоғалған баланы Понтон көпірінің маңында тапқанын хабарлады.
Қыз әжесінің үйіне бара жатқан жолда адасып, жол таба алмай қалғаны анықталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!