Әлеуметтік желіде танымал өнер адамдарының іс-әрекеті, концерттегі қызықтар жиі талқыланады. Massaget.kz тілшісі белгілі адамдар сынға қалған оқиғаларға шолу жасады.
"Әжептеуір әртіс деп жүрсек..."
Желіде Баян Алагөзова мен Қуандық Шәкіржанов сүйіскен видео тарады. Бұған дейін Баян Алагөзова Instagram-парақшасында "Тағы да жаңа күйеу", - деп жазған еді.
Актрисаның парақшасына жүктеген фото-видеоларға сүйенсек, екеуі "Донор" атты фильмге түсіп жатыр.
"Отбасында дәл экрандағы сияқты, бастысы - бір бағытқа қарау! Қуандық Шәкіржановпен бірге керемет дуэт шыққан секілді! Енді ол менің құдам емес", - деп жазған ол.
Instagram желісінде екеуінің сүйіскен видеосы қызу талқыға түскен:
"Мына ағаның әйелі қызғаныштан өртеніп кеткен шығар. Ұят-ай, бәрінен бұрын балаларынан ұят болды-ау", "Мынау не масқара? Шәкіржановты әжептеуір әртіс деп жүрсек... Жастарға не үлгі көрсеткендері?! Тым ұят болыпты", "Баян сүйісуді үйретіп жатқан сияқты ғой", "Кино ғой несі бар, әрі қарай бармайтын шығар", - деп жазған пікір білдірушілер.
"Жас балалардың миын ашытпа". Ерке Есмахан концертте қандай қызыққа тап болды?
Биыл өткен "Павлодар - менің сүйікті қалам" атты қала күніне арналған мерекелік концертке келген әншілер қатарында Ерке Есмахан да болған. Pavlodarnews.kz мәліметінше, осы концертте әнші көпшілік ішінен бір жігітті таңдап алып, сахнаға шақырған. Ал ол жігіт Еркеге сақина тағып, сезімін білдірген.
Оқиға видеосы Желіні шулатқан болатын.
"Иә. Атың кім? Сен ойланып істедің бе? Нақты ма? Онда сахнаның сыртына бар. Кетеміз Алматыға. Дайынсың ба? Жасың нешеде? 16-да?", - дейді Ерке Есмахан видеода.
Көпшілігі әншіні сынаған:
"Өздерін қалай ұстау керегін білмейді-ау шамасы", "Жас балалардың миын ашытпа, мазақ қылма", "Нақты ма, нақты ма, деп өліп бара жатыр", - деген Желі қолданушылары.
"Сахнаға жолатпау керек". Жиі сынға қалатын әнші кім?
Ашық образдарымен, биімен жиі сынға қалатын Кәмшат Жолдыбаева концерт кезінде тыңдармандарының бірін сахнаға шақырған. Оқиға видеосы Желіде тарап кеткен. Видеодан кейін жігітті күзетші алып кеткені көрінеді.
Желі қолданушылары бұл жолы да әншінің образын сынаған:
"Осы сияқты əртістерді сахнаға жолатпау керек, ашық-шашық", "Сахнаны ластап бітті осылар! Батысқа еліктеп, сахна ережесін шығармаса, бәрі бір күні шомылуға арналған киіммен шығады", "Бұларға заң жоқ па?" - деп жазған пікір білдіргендердің басым бөлігі.
"Ұят болыпты". Концертте сынға қалған кімдер?
Күні кеше әлеуметтік желілерде Тоқтар мен Бейбіт ән айтқан видео тарады. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, олар Абай облысы, Ақсуат ауданындағы кеште фонограммамен ән айтқан.
Желідегілер бұл жағдай ұят болғанын жеткізген:
"Екеуін сүйіп тыңдайтын едім, ұят болыпты", "Ешқайсы жанды дауыспен айтпайды ғой, айта да алмайды ғой, бәрі шегіртке деп бекер айтпаған ғой", "Ұят болды", "Халықты алдамаған кім қалды?", "Микрофон ұстап тұрғанын ұмытып қалған ғой", "Бәрі де фонограммамен айтады", - деп жазды пікір білдірушілер.
@balzat99♬ оригинальный звук - balzat99
Тойдағы биі үшін сынға қалған Қарақат
Желіде белгілі әнші Қарақат Әбілдинаның видеосы да қызу талқыға түскен болатын.
Пікір білдірушілер видеоға екі түрлі пікір білдірген:
"Жай ғана би емес пе, не енді билеуге болмай ма? "Не бүлдірді?" деп қарасам, бүлінген ешнәрсе жоқ қой", "Денесі бәрі жабық. Ұят ештеме көрмедім", "Несі бар, жақсы демалып жүр, ұят биді көріп тұрған жоқпын", "Құтырды ғой", - дейді Желі қолданушылары.
"Қыз-келіншектердің психикасын бұзасыз ғой". Белгілі әнші неге сынға қалды?
Белгілі әнші, актриса Әсел Сәдуақасова Instagram-парақшасына ерекше образдағы суреттерін жариялаған.
"Жай ғана мен", - деп жазды актриса.
Суретке түрлі пікір жазылған:
"Жалаңаш денелеріңді көрсетпесең болмайды-ау осы сендердің", "Керемет болып тұрсыз", "Әдемісіз", "Әсел-ау! Бұлай жүргеніңізбен біраз қыз-келіншектердің ойын, психикасын бұзасыз ғой", "Өміріңізде жаңа кезең басталғаны сөзсіз, Әсел. Бұрын басқаша едіңіз. Сұлу", "Ертегідегі кейіпкер секілдісіз, қазақтың Афродитасы", - деген Желідегілер.
"Ұлық болсаң, кішік бол". Тыңдарманын итеріп жіберген әнші
Наурыздағы концерттердің бірінде тыңдарманын итеріп жіберген Халық әртісі Роза Рымбаеваның әрекеті Қазнетті шулатқан еді. Онда әнші ән айтып тұрған кезде суретке түскісі келген тыңдарманын итеріп жібергені көрінеді.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі бұл видеодан кейін әншіні сынап тастаған:
Суретке түсе қойса несі кетеді, адамды міндетті түрде итеру керек пе?! Өмірімде оған бармаймын, рақмет!!!
Өте ұят болған.
"Ұлық болсаң, кішік бол" деген. Құрметті көтере алмағаны ма кеудесінен итеріп. Онысы несі. Ұят болды-ау.
"Жанды дауыста айтамын" деп айтып еді. Бұл мүлдем ұят болды.
Масқара... "Ұлық болсаң, кішік бол" деген...