- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әжем анама аян...
"Әжем анама аян берген". Актриса Нұрай Жеткерген жеті айлық болып туғанын айтты
Көпшілікке "Дәстүр" фильміндегі "Диана" ролі арқылы танылған актриса Нұрай Жеткерген "Теңдессіз дұға" Youtube-арнасына берген сұхбатында өзінің 7 айлық болып туғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің атйуынша, ол дүниеге келерден бір күн бұрын анасы ерекше түс көрген.
"Мен 7 айлық болып туғам. Ішекке оралып, қысылып, көгеріп, әрең дегенде туылған екенмін. Тіпті дәрігерлер "7 ай бұл өте аз, бала әлсіз, шетінеп кетеді-ау, өйткені ол әлі толық дамып, жетілмеген" деп күдіктенген екен. Анамның толғағы басталған кезде суы толық ағып кетіп, әбден қиналған. Сонда анам дұға жасап, ішіндегі сенімін жоғалтпапты. Анамның айтуынша, ол мені сезген, екеуміздің арамызда белгілі бір байланыс болыпты, тіпті өзара сөйлесіппіз. Мені босанардан бір түн бұрын анам түс көріпті. Менің анам негізінде бір қиналып, ауыр жолда жүрсе, міндетті түрде бір түс көреді. Ал ол түсті жақсы жағынан жорыса, мәселесі шешіледі. Анам осындай адам. Сонымен, түсінде анамның әжесі белгі берген, яғни анам жүкті болып батпақтың ортасында қайықта отырған. Айналасы қап-қараңғы, жалғыз. Бір уақытта алыстан әжесі көзіне көрініп, қолын қатты сілтепті. Анам бар күшін жинап, әжесі жағына қарай бет бұрған. Сонда анам "құрсағымда сәбиім бар, қорқамын" деп айтқан. Ал әжем "қорықпа, мына бәйтерек ағашын көріп тұрсың ба, міне кейін сенің қызың осы ағаш секілді мықты болады, көресің" деп айтқан екен. Осы түсті көргеннен кейін ертесіне кешке толғағы басталып, мен туыппын", - деді актриса.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Оразаның басында, ортасында, аяғында 3 күннен ауыз бекітуге бола ма?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә