Желіде автобуста отырған ата мен әженің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода ата мен апа автобуста бір-біріне мәз болып қарап отырғаны көрінеді.
"70 жаста махаббатымыз осындай болғанын қалаймын", - деп жазылған видеода.
Видео 852 мың қаралым, 98 мың лайк жинаған.
@akomyyyn ???#рек ♬ оригинальный звук - xopowevo
TikТok-қолданушылар ата мен әже махаббатына тәнті болып, пікір қалдырған.
"Жаңа ғана осы апа мен атаны көрдім. Көшеде қол ұстасып кетіп бара жатқан", "Ұят болады, қой деп отырған сияқты", "Бұйырса сол күнге де жетеміз", "Жұғысты болсын", "Қандай күшті, екеуі жарасып-ақ тұр", "Мейірім мен махаббат әлемді құтқарады деген осы шығар. Адамға осыдан артық не керек", "Атамыз бен әжеміз ауырмай, мың жасасын", "Қандай махаббат", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!