- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ажар Ғиният неге...
Ажар Ғиният неге қызметінен босатылды? Үкімет жауабы
Неге бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызметінен босатылды? Бұл сұраққа бүгін Үкіметте жауап берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында журналистер премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға осындай сауал қойды.
"Жалпы, мұндай нәрсе жоқ, біз өмір бойы осында жұмыс істемейміз. Ажар Ғиниятқызы алдына қойған міндетін орындады. Енді жаңа міндет тұр. Жаңа міндет - бұл жүйенің қаржылық бөлігі (МӘМС - еск.) ",- деді вице-премьер.
Еске салайық, бұған дейін желіде Ажар Ғиниятты отставкаға жіберу туралы петиция жарияланған еді. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі кеше қызметінен кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы болып Ақмарал Әлназарова тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек