Композитор Қалдыбек Құманәлі өлім аузынан қалған кезі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Ең алғашқы" бағдарламасында айтып берді.
"Сағат өтпей кетеді, секундтар мен минуттарды санап кетесің. Аурухананың бөлім басшысы келіп, "отаға үш күн қалды, екі күн қалды" деп айтып отырады. Ажалыңа екі күн қалды дегендей естіледі. Жалғыз өзім жаттым. Тірі қалуым бірінші құдайдың, екіншіден, дәрігерлердің арқасы ғой. Ең бірінші Құтжолымды (иті) ойладым. Кезінде Құтжолыма ескерткіш қойып беремін деп уәде берген болатынмын. Сол кезде егер мен кетіп қалсам, Құтжолыма кім ескерткіш қояды деп ойладым. Балаларыма "егер мен кетіп қалып жатсам, ауылда ешкімнің сөзіне қарамай, Құтжолға ескерткіш қойыңдар" дедім. Себебі Құтжол мені барлық арман жолыма шығарып салып, құтты жол тілеген", - дейді композитор.
Айта кетейік, композитор Қалдыбек Құрманәлі 2021 жылы жүрегіне ауыр ота жасатқан болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!