- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аида Балаева Түркия...
Аида Балаева Түркия телерадиокомпаниясының өкілдерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандық және түрік кәсіпкерлері қауымдастығының бас хатшысы Анзор Гусейновпен және TRT Түркия телерадиокомпаниясының Қазақстандағы өкілдігінің директоры Мехмед Чалышканмен кездесті.
Кездесу барысында TRT телеарналарымен ынтымақтастықты дамыту, контентпен өзара алмасу және теледидар саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Министр TRT балалар арнасының контентін қазақ тіліне аудару қазақстандық аудитория үшін қызықты болуы мүмкін деген пікір айтты.
Өз кезегінде, түрік тарапы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және қазақстандық мамандар үшін семинар-тренингтер өткізуге қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Тараптар өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ниеттерін білдірді.