Aқпaрaт жәнe қoғaмдық дaму миниcтрлiгiнiң ұйымдacтыруымeн жәнe "Қaзмeдиa Oртaлығының" қaтыcуымeн Astana Media Week IV мeдиaaптaлығы басталды. Шараның онлайн алаңында танымал журналистер, редакторлар, продюсерлер, продакшн студиялар мен отандық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосады. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиапталықтың ашылуында сөз сөйледі.
"Жалпы пандемия ақпарат саласына өз әсерін тигізді. Яғни, жарнама берушілер азайып, шығарылымдардың данасы түсіп кетті. Осындай жағдайда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жабылуға мәжбүр болды. Сондықтан әрбір арна сапалы әрі қызықты контент жасауды ойлайды. Әлеуметтік желілер арқылы жұмысын көрсетуге тырысады. Бұл ретте біздің БАҚ жоғары біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді. Олар өздерінің аудиториясы әр уақытта қызықты болуын тілеймін. Қызықты материалдар ұсынып, көрермендердің жүрегінен жол табуына тілектеспін", - дейді Аида Балаева.
Сондай-ақ, министр мемлекет пен БАҚ арасындағы байланыстың, қолдаудың маңызды екенін атап өтті:
"Жаңа технология заманында БАҚ-тың деңгейін ұстап тұру қиындап келеді. Бүгінде бір ғана адам үлкен жаңалықтың шығуа әсер ете алады. Мұндай ақпарат қоғамды адастырып, жалған жаңалықпен таныс болуы мүмкін. Бұл үшін кәсіби журналистиканың дамығаны маңызды. Журналистер қоғам үшін шынайы әрі жылдам ақпараттың әрқашан маңызды екенін түсінуі қажет. Карантин уақытында қаншама жалған, фейк жаңалықтар тарады. Ел тексерілмеген ақпаратқа сенді. Министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына үлесін қосып, кәсіби журналистиканың деңгейін арттыру үшін әркез қолдау көрсетеді.
Пандемиямен күрес тұрақты формада емес. Елдегі ахуал тұрақталғанына қарамастан, республикамыздың кейбір өңірінде коронавирус жұқтыру дерегі артып келеді. Коронавируспен күрес мемлекет пен БАҚ арасындағы байланыстың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді. Бұған қоса көп проблеманың шетін ашты. Жарнама берушілер азайып, басылымдар табысынан айырылып, жабылуға мәжбүр болды. Осындай қиын-қыстау уақытта министрлік бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету жобасын дайындады", – деді Аида Балаева.
"Alash Media Group" холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев пандемияның телевидение мен интернет басылымдарға әсері туралы айтты:
"Пандемия уақытында телевидениедегі көрілім өсім 20% көрсетсе, интернет-алаңындағы өсімнің ең төменді көрсеткіші 50% құрады. Tengrinews.kz сайтын орта есеппен алғанда күніне 700 мыңға жуық адам оқиды. Ал пандемия кезінде ең жоғарғы көрсеткіш 2 миллион адамға жетті. Жалпы алғанда, пандемия әсерінен холдинг табысынан айырылған жоқ. Тек Tengri FM радиосы табысының 95% қағылды. Сол себепті радионың жұмысын қайта қарастырып, Vostok FM атты жаңа радиостанция аштық. Ал холдингтің табысы өткен жылға қарағанда біршама өсім көрсетті", – деді Батыр Қазыбаев.
Бұған қоса Батыр Қазыбаев қазақ тілді аудиторияның дамуын атап өтті:
"Қазақстан нарығы әлі күнге өзін таппады. Қазақ тілді аудиторияға арналған жоба орыс тілдіге қарағанда екі есе, тіпті, бес есе көп қаралым жинайды. Қазақстан медиа нарығындағы аудиторияның дамуы мемлекет деңгейіндегі маңызды жұмыс. Осы себепті мемлекеттің бұл бағыттағы маңызы зор", – деді ол.
Ic-шaрaның нeгiзгi мaқcaты – oтaндық мeдиaны дaмыту мeн индуcтриядaғы icкeрлiк қaрым-қaтынacты aймaқтық жәнe xaлықaрaлық дeңгeйдe iлгeрiлeту. Мeдиaaптaлық төртiншi жыл қaтaрынaн әлeмнiң түпкiр-түпкiрiнeн жeтeкшi caрaпшылaрды дәcтүрлi түрдe жинaп кeлeдi жәнe өзeктi тaқырыптaр тaлқылaнaды. Ocы жылы ұйымдacтырушылaрдың нaзaры мeдиacaлaның aлдaғы уaқыттaғы жұмыc бaғытын құруғa aуып oтыр.
Бacты тaқырыптaр: мeдиaкoнтeнттi тұтынудaғы жaһaндық трeндтeр; пaндeмия жәнe БAҚ-қa дeгeн ceнiмнiң дaғдaрыcы; жaңa жaғдaйдaғы рeдaкциялaрдың жұмыcы; мультиплaтфoрмaлық; мeдиaкeңicтiктiң жaңa көшбacшылaры.
Шараға қaтыcуғa oтaндық жәнe шeтeлдiк тoп-мeнeджeрлeрдiң өкiлдeрi, жeтeкшi мeдиaгeнттiктeрдiң caрaпшылaры, iрi xaлықaрaлық ұйымдaр мeн шeтeлдiк жooлaрдың ғaлымдaры, мeмлeкeттiк ceктoр мeн прoдaкшн-кoмпaниялaрының өкiлдeрi шықырылғaн.