Аида Балаева министр қызметін жалғыстыра береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Тоқаевтың жарлығында.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары — Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары — Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
2004 жылы — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2006 жылдары — Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары — Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары — Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019-2020 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020-2022 жылдары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022-2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!